Кентау колледжінің студенті оқушыларға кәсіби бағдар беретін ерекше стенд ойлап тапты. ASAR-1 деп аталатын құрылғы инженерлік және техникалық мамандықта оқитын студенттер үшін таптырмас көмекшіге айналмақ. Ал оқушыларға болашақ кәсібін таңдауға мүмкіндік береді. Жоба авторы Ұлықбек Бахтияров өнертабысын патенттеп, құрылғыны отандық нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.