Түркістан
EN

2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдалану фактілері анықталды

100
10.06.2025

 Қызылорда облысында алты шаруа қожалығы рұқсатсыз су тұтынғаны анықталды. Вегетациялық кезең басталғалы бері 2,3 млн текше метрден астам су алынған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күреске арналған  аппарат отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, заңсыз алынған тіршілік нәрі күріш алқаптарын суаруға бағытталған.  Бүгінде министрлік мамандарынан құрылған төрт жұмыс тобы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су үнемдеу және ауыл шаруашылығына жеткізу барысына мониторинг жүргізуде.