Сарыағашта көршінің баласын әжетханаға итеріп өлтірген жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Өйткені сараптаманың қорытындысына сәйкес сотталушы «шизофрения» сырқатына ұшыраған болып шықты. Естеріңізге салсам, елдің жағасын ұстатқан оқиға былтыр болған еді. Жасөспірім ауладағы әжетхана шұңқырына 2021 жылы туған көршінің баласын күштеп итеріп, қасақана өлтірген. Ал, екінші жағдай арада үш ай өткенде тіркелген. Бұл жолы айыпталушы 6 жастағы тағы баланы сол тәсілмен өлтірмек болады. Алайда, бұл әрекеті жүзеге аспай қалған.