Сауранда отандық өндіріс өркен жайған

22
10.06.2025 12:17

Елімізде жиһаздарға сұраныс артқан. Былтыр қазақстандықтар үй жабдығына 309 млрд 800 млн теңге жұмсапты. Отандық өнім көлемі 105 млрд теңге шамасында. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 27,6 пайызға көп. Тұрғындар әсіресе қабырғалы жиһаздарды жиі сатып алған. Сауда алаңдарында ұсынылған өнімдер қалай жасалады? Сауалға жауап табу үшін Сауран ауданындағы кәсіпорынға барып келдік.