Алматыда шетел азаматынан 5 млн теңге тартып алған қылмыстық топ ұсталды

8
10.06.2025 12:16

Алматы қаласында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар шетел азаматына күш қолданып, жалдамалы пәтерде қорқытып ұстаған. Қоқан-лоққы көрсетіп, 5 млн теңге қаржысын тартып алған. Оған қоса қаруды заңсыз сақтаған. Тінту жүргізіліп, 7 тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді.