Түркістан
EN

Нұралхан Көшеров Бейжіңде 20-дан астам компания басшыларымен кездесу өткізді

41
10.06.2025

Нұралхан Көшеров Қытай елінің астанасында 20-дан астам компания басшыларымен кездесу өткізді. Түркістан облысының әкімі бастаған ресми және іскерлік делегация жергілікті кәсіпкерлерді аймаққа инвестиция құюға шақырды. Аймақ басшысы қытайлық кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, заманауи өндіріс ошақтарын ашуға шақырды. Қытай тарапы Түркістан облысының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда.