««Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» ардагерлерінің қоғамдық бірлесігіне 80 жыл. Аталған ұйымның еліміз бойынша 7 мыңнан аса, Түркістан қаласында 360 мүшесі бар. Олар Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Батыс елдерінде әскери борыштарын өтеген. Шараның мақсаты-ел тыныштығын күзеткен ардегерлерге тиісті сый-құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру. Жиында ұйым мүшелеріне мерейтойлық медаль табысталып, алғыс айтылды.