Елімізде егіс науқаны алғаш рет уақытылы аяқталды. Бұған Үкіметтің қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдерді енгізуі сеп болды. Нақтырақ айтсақ, осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап берілді. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында – егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді болатын.