Түркістан
EN

Шомылу маусымының 9 күнінде 5 адам суға кеткен

56
09.06.2025

Елімізде шомылу маусымы басталғаннан бері 5 адам суға кеткен. Оның біреуі жасөспірім. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Қайғылы оқиғалардың дені шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған. Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда барлығы 19 адам суға кеткен. Айта кетейік, рұқсат етілмеген жерлерде шомылған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал арнайы жабдықталмаған орында шомылуға жағдай жасаған су айдынының иесіне қылмыстық іс қозғалады