Түркістан
EN

Түркістандағы қонақ үйлердің мәселесі қаралды

91
09.06.2025

Түркістандағы қонақ үйлер мен мейрамхана басшылары бас қосты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен өткен жиында қаладағы орналастыру орындарының мәселелері талқыланды. Сондай -ақ, туристік нысандардың әлеуетін арттыру жолдары да қаралды. Қазіргі таңда Түркістанға келетін туристердің саны артқан. Соған байланысты қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс. Мәселен, биыл шаһарға шет елден 18600-ден астам қонақ келген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге көп. Сондай ақ, осы жылы туризм саласы бойынша облыс аумағында жалпы соммасы 49 млрд. теңгені құрайтын 47 туристік инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.