Сарыағаш ауданындағы Қапланбек кеден бекетінде соңғы төрт күннен бері көліктер кептеліп тұр. Өзбекстанға шекара асатын жүргізушілер кезегін 10-13 сағат күтетінін айтады. Тәулік бойы тұрғандар да бар. Ал кеденшілер болса жолаушылардың саны бес есеге артты дейді.