Түркістан
EN

Қазақстаннан қорғасын мен металл сынықтарын заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

125
05.06.2025

60 тоннадан аса қорғасын мен метал сынықтарын елімізден заңсыз шығармақ болған екі жүк көлігі ұсталды. Құнды заттардың жалпы бағасы 60 млн теңгеден асады. Жетісу облысында полиция мен кеден қызметкерлері бірлесіп бұл заңсыз экспорттың жолын кесті. Мұндай оқиға Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында да тіркелген. Теріскейде ұйымдасқан топ 1000 тонна металл сынығын шекарадан асырмақ болған. Ал, батыста пысықайлар 400 тоннадан  аса қара метал сынығын Каспий теңізі арқылы жөнелтуге дайын болғаны белгілі болды.