Түркістан
EN

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында не болып жатыр?

169
05.06.2025

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды. Өткізу бекетіне жүздеген көлік жиналып, азаматтар бір тәуліктен бері өте алмай тұр. Жағдайды қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті былай түсіндірді. «Қапланбек» бекетінде көрші ел азаматтарының Құрбан айт мерекесіне орай жаппай қайтуы нәтижесінде көлік саны күрт өскен. Мемлекеттік кірістер комитеті екі елдің мемлекеттік органдары жағдайды реттеу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Қазір өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.