Түркістан
EN

Түркістан облысында аса ауыр қылмыс саны төмендеген

112
05.06.2025

Түркістан облысында аса ауыр қылмыс 53, ауыр қылмыс 1, ауырлығы орташа қылмыс 16 пайызға төмендеген. 13 түрлі қылмыстың азаюына облыстық прокуратураның «Бұзушылыққа тоқтам» және «Алаяқтан сақ бол» жобалары сеп болыпты. Бұл туралы өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. «Заң және Тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» атты шараға аймақтағы құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары қатысты.