Қазақстанның ең шығыс нүктесі Аршаты ауылы. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына жататын елді мекенге жетудің өзі қиын. Биік тау басында орналасқан ауылға дұрыс жол да жоқ. Осы ауылда сарығаштан көшіп барған Бахадір Шанан атты жігіт тұрады. Жерлесімізден сұхбат алуды мақсат тұтқан біздің журналистер алыс ауылға әрең дегенде жетті. Қазақстанның ең оңтүстік нүктесінен ең шығыс нүктеге қоныс аударған имам туралы келесі материалдан көріңіздер.