Сайрам ауданында стратегиялық маңызы бар нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында 1000 МВТ болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген болатын. Жобаның жүзеге асырылу барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайы, туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары қаралды. Жауаптылардың сөзінше, бүгінде бетондау жұмыстары 64 %-ға орындалған. Сондай-ақ металл конструкцияларды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.Жиын барысында өзге де ұйымдастырушылық және техникалық мәселелер талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.