Үкімет басшысы Олжас Бектенов Беларусьтік әріптесі Александр Турчинмен кездесті. Қос елдің премьер министірлері ТМД-ға мүше елдер өкілдерінің кеңесіне қатысу үшін Душанбе қаласына келген еді. Бас қосуда Астана мен Минск арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту жайы сөз болды. Сондай-ақ екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар да талқыланды. Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 900 млн долларға жетті, биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, 200 млн долларға жуықтады.