Владимир Зеленский түбегейлі Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Ол бұл туралы Киевте өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол Ресейдің шабуылын екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік Германия әрекетімен салыстырды. Сондай-ақ, азаматтарға "жерді қорғау үшін" қару беруге дайын екенін де жеткізді.