Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы бүкіл Қазақстанға танымал. Тұмса табиғатын суреттеп жатпай-ақ, Оралхан Бөкейдің туған жері десе де жеткілікті. Бар қазақ түсіне қояды. Катон-Қарағай мен Түркістанның арасы екі жарым мың шақырымдай. Әйтсе де, бұл жаққа да оңтүстіктен қоныс аударып келушілер бар. Түркістан арнасының түсірілім тобы арнайы Шығыс Қазақстан облысына барып, мемлекеттік бағдарлама бойынша қоныс аударған жерлестерімен жолығып келді.