Түркістан облысының қанжығасы майланып, 13 бірдей спортшы халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанды. Спорт саңылақтары пара дзюдо, қала берді ескек есуден де жарыс жеңімпазы атанған. Әлемдік додаларда алтыннан алқа тағынғандарды өңір басшысы Нұралхан Көшеров арнайы қабылдап, ізгі тілегін жеткізді.