Түркістан
EN

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 16 білім ошағын тапсыру көзделген

38
04.06.2025

Түркістан облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 16 білім ошағын тапсыру көзделген. Мектептердің құрылысы, білікті ұстаздармен қамту мәселелері облыс әкімдігінде талқыланды. Сала мамандарының айтуынша, биыл ел игілігіне тапсырылатын 16 мектептің 11-інде құрылыс жұмыстары 83%-ға орындалған. Қазіргі таңда, 9 жайлы мектепте жалпы 736 педагог жұмыс істеуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. Барлық мектеп уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс деді.