Түркістан
EN

Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

69
04.06.2025

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы дәл осы күні Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілген. 2007 жылдан бастап бұл күн «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заң аясында жыл сайын тойланып келеді. Биыл егемендігіміздің нышанына айналған қасиетті символдарға 33 жыл толып отыр. Айтулы күнге орай ел аумағында бірқатар іс-шара жоспарланған. Соның бірі Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» өтіп жатыр. Мемлекеттік туды көтеру рәсімінен тікелей байланысқа әріптесім Бақдәулет Анарбай шығуға әзір.