Түркістан
EN

Асфальтсіз жолдың азабы

56
03.06.2025

 Түркістанда инфрақұрылым жүйелі түрде қолға алынғанымен, әлі де шешілмей келе жатқан мәселе көп. Қала аумағындағы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесі 50,3%-ды құрайды. Мәселен, "Бірлік" ықшамауданындағы бірқатар көшелерге мүлдем асфальт төселмеген. Жауын жауса, лай-балшық, қала берді жолы нашар деп қоғамдық көлік те қатынамайды. Осылай шағымданған тұрғындармен тілшіміз арнайы тілдесіп қайтты.