Түркістан облысында жыл басынан бері 9 мың тонна қоқыс шығарылған. Одан бөлек 500 мың көшет отырғызылған. Ал, «Таза Қазақстан» бағдарламасына 450 мыңнан астам тұрғын атсалысып, өз туған өлкесін тазартуға үлес қосқан. Сондай-ақ қоғамдық орындарда санитарлық талапты сақтамаған жандарға да тәртіп қатал. Жыл басталғалы бүгінге дейін жалпы 262 млн көлемінде айыппұл салыныпты. Алдағы уақытта Түркістан қаласында қоқысты 5 түрге бөліп, сұрыптап тастауға арналған контейнерлері орнатылмақ.