Түркістанда дарынды балаларға арналған «Дарабоз» байқауының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл шара «Атадан мұра» қоғамдық қорына 17 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Жүлде қоры 10 млн теңге болған байқауға 7 облыстан 650-ге жуық бала қатысты. Әр облыстан келген дарынды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеліп алынып, жүлделер табысталды. Ал жеңімпаз топтың жетекшілеріне шет елге жолдама берілді. Бас жүлдені жеңіп алған қатысушы тікелей Алматы қаласында өтетін суперфиналға қатысатын болды.