Елімізде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімінде қызмет еткен сарбаздарға грант табысталды. Енді 2314 сарбаз еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқиды. Сонымен бірге шәкіртақы алып, жатақханада тегін тұра аладыға оқу гранттары берілді. Мемлекеттік сертификаттар Қорғаныс министрлігінде салтанатты түрде табысталды. Оның ішінде еліміздегі жоғары оқу орындарына 2010 грант, Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына 253 орын, Ұлттық ұлан академиясына 36 орын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясына 12 орын және Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлінді. Жалпы биылғы конкурстық іріктеуге 18 мыңға жуық сарбаз қатысып, әскери қызмет кезеңіндегі тәртібі мен үлгерімі бойынша бағаланған