Түркістан
EN

10 жылда алғаш рет Қаракөл және Сұлукөлге су жіберілді

54
03.06.2025

Соңғы 10 жылда алғаш рет Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлі суға толды. Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды. Жергілікті экожүйені сақтау жұмыстары суару маусымы басталмай тұрып жүргізілді. Бастапқыда осы мақсатқа «Ойық» гидроторабы арқылы 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған еді. Алайда сәуір айының ортасына қарай экологиялық мақсатта су жіберудің жалпы көлемі 315 млн текше метрге жетті. Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыс үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыс білдіріп жатыр.