«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығына 45 жыл. Осыған орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен және шет елдерден 100-ге жуық делегат қатысты. Сала мамандары музей ісінің даму үдерістері, цифрландыру, реставрация және ғылыми-зерттеу бағыттарын талқылады. Ал, конференцияның пленарлық отырысында ғалымдар баяндама жасап, тәжірибе алмасты.