Түркістан
EN

Атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жүріп жатыр

119
03.06.2025

Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысымен танысты. Көпфункционалды кешен ретінде салынып жатқан атшабарда халықаралық жарыстарды өткізу көзделген. Бұл нысанда 30-дан аса техника мен 71 адам жұмыс істеуде. Облыс әкімі нысанның құрылыс жоспарымен танысып, жауапты басшылар мен мердігерге нақты міндеттер жүктеді.  Одан кейін Нұралхан Көшеров халықаралық деңгейдегі ескек есу каналының құрылыс барысын қадағалады. Ғимараттарын аралап, сапалы материал қолдану әрі сәулетін келісті ету жөнінде тапсырма берді. Бұл кешен елімізде ескек есу, академиялық есу спорт түрлерін, сонымен бірге туризмді дамытуға мүмкіндік бермек.