Шығыс Қазақстан облысына дәрігерлер мен медбикелер керек. Оңтүстіктен көшіп келемін деген мамандарға барлық жағдай жасалады. Мемлекет баспана мәселесін шешеді, тіпті адам басына арнайы субсидия да төлеп береді. Көші-қон бағдарламасы аясында келемін деушілер үшін мүмкіндік көп. Түркістан телеарнасының түсірілім тобы Шығыс Қазақстан облысына арнайы барып, көші-қон бағдарламасы бойынша қоныс аударатындарға жасалған жағдаймен танысып қайтты. Еліміздің шығысынан түсіріліп келген материалдарды енді тұрақты түрде Шығыс шақырады айдарымен назарларыңызға ұсынатын боламыз