Әлеуметтік желіде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат пайда болды. Алайда ведомство бұл мәліметті жоққа шығарды. Олар мекеме басшысының кестеге сай жұмыс істеп жатқанын да айтты. Айта кетсек, өткен аптада Тұрғымбаевтың отставкасын талап еткен петицияға мыңдаған адам қол қойған болатын. Петиция авторлары қамаудағы азаптаулар туралы шағымдардың көптігін алға тартып, қаңтар оқиғасын жан-жақты зерттеуге шақырған.