Бокстан Сидней Олипмпиадасының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жүлдесі үшін жастар арасында халықаралық турнир жалауын желбіретті. Онда “World Boxing” ұйымы ұсынған тұжырым бойынша он түрлі салмақ дәрежесінде боксшылар сынға түсуде. Дәстүрге айналған турнир биыл он үшінші мәрте өтіп жатыр. Шаршы алаң бәсекесінде еліміздің барлық өңірінің және Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан келген былғары қолғап шеберлері 5 күн бойы сынға түседі.