Көші-қон бағдарламасы аясында Оңтүстіктен Шығысқа көшіп барғандар қалай тұрып жатыр? Олар қалай жұмысқа орналасты, баспананы қалай алды? Көшіп барғандағы ең қиыны не нәрсе? Түркістан телеарнасының түсірілім тобы Шығыс Қазақстан облысына арнайы барып, жерлестеріміздің жағдайымен танысып қайтты. Еліміздің шығысынан түсіріліп келген материалдарды енді тұрақты түрде Шығыс шақырады айдарымен назарларыңызға ұсынатын боламыз.