Түлкібас ауданында 48 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Бұл – мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қолдаудың нәтижесі. Салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев қатысып, қоныс той иелерінің қуаныштарымен бөлісті. Айта кетсек, Түлкібас ауданында бүгінгі таңда 3250-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.