Түркістанда «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Аймақтың түкпір-түкпірінен келген мыңға жуық оқушы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде бас қосып, облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен жүздесті. Өңір басшысы балалардың сайыстарын, көрмелерін тамашалап, тіпті бірге асық ойнады.