Түркістан
EN

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда

72
02.06.2025

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров бірқатар нысандардың жұмысын бақылап қайтты. Бүгінде Түркістан темір жолы бойында екі жолаушылар көпірі салынуда. Аталған көпірлердің біреуінің ұзындығы 117 метр болса, екіншісі 46 метр. Жоспар бойынша биылғы жылы қолданысқа берілу көзделіп отыр.Сонымен қатар облыс әкіміне Қабанбай батыр ескірткіші аумағын ретке келтіру жұмыстары таныстырылды. Мұнда шахмат алаңы, аяқжол салу жоспарланған. Нұралхан Көшеров мердігер мен техникалық қадағалаушыға сын-ескертпе айтып, жұмыс сапасын жақсартуды тапсырды.