Жазда балалардың түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жИІлей бастады. Республика бойынша жыл басынан бері 34 бала терезеден құлап кеткен. Бұдан бөлек, ойнап жүріп жарақат алған, от пен судан зардап шеккендердің саны артты. Мұның алдын алу үшін не істеу керек ? Түркістанда құтқарушылар тікелей бүлдіршіндермен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.