Түркістан
EN

Мақта шаруашылығы дағдарыста

68
29.05.2025

Қазақстанда мақта шаруашылығының жағдайы жыл сайын нашарлап келеді. Бұл туралы сенатор Мұрат Қадырбек өзінің депутаттық сауалында мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық нарықта сұраныстың төмендеуі мен өңдеу шығындарының артуы шаруаларды қиын жағдайға қалдырып отыр. Елімізде мақта талшығын терең өңдейтін небәрі үш кәсіпорын бар. Олардың үлесі 15%-дан аспайды. Ал қалған 85% шикі күйінде экспортталады. Қазақстанда мақта өнімін өңдеу құны тоннасына 150-170 мың теңге шамасында, бұл Қытай мен Өзбекстандағы бағадан үш есе жоғары. Мұндай жағдай шаруалардың табысын азайтып, экономикалық тұрақтылығына кері әсер етуде.