Түркістан
EN

6 млн теңге қарызы үшін зейнеткердің үйін кепілдікке қойдырған

72
29.05.2025

Қостанай облысында заңсыз микроқаржылық әрекет анықталды.Күдікті алты жыл бойы тиісті лицензиясыз «OLX» және «Instagram» желілері арқылы пайызбен қарыз беріп келген. Жалпы, аталған заңсыз әрекет бойынша жалпы сомасы 556 млн теңгеден асатын 72 мәміле жасаған. Соның бірі - Рудный қаласының зейнеткерімен жасалған келісім. Ол күдіктіден еміне деп 13,2 млн теңге көлемінде қарыз алғаны туралы келісімге отырған. Келісім шарт бойынша зейнеткер екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңгеден төлеуге міндеттелген. Алайда, ол қолына тек 6 млн теңге ғана алған, ал қалған 7,2 млн теңге алдын ала есептелген пайыз ретінде көрсетілген. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.