Бүгін – халықаралық бітімгерлер күні. Қазақстандық әскери қызметшілердің әлемдегі бейбітшілікті қолдауға қатысу тәжірибесі 2003 жылдың тамызында «Қазбат» жасағының құрылуынан бастау алады. Қазақстан - ТМД-да Біріккен ұлттар ұйымының Голан жоталарында қызмет етуге дербес мандат алған алғашқы және әзірге жалғыз ел. Бүгінде елімізден 139 әскери қызметші қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөнінде маңызды міндеттерді орындап жүр. Осы орайда 750 қазақстандық әскер бітімгерлік миссиясына қатысқан.