Биыл Түркістан облысында 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Оның 226 мың шаршы метрі сәуір айына дейін тапсырылып та үлгерді. Осы саладағы мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға нақты міндеттер жүктеп, құрылыс жұмыстарын ширатуды тапсырды.