Енді ұялы телефоныңыздағы баланс та бақылауда болады. Құзырлы орган өкілдері телефон теңгеріміне әртүрлі көзден тұрақты түрде ақша түсіп тұратын азаматтарды тексереді. Себебі онда салынған ақшаны шешіп алуға да болады және бұл кірісті жылыстату кезінде қолданылатын көрінеді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс отырысында айтты. Алайда агенттік тексеріске алынатын телефон балансына түсетін ақшаның шегін белгілемеген.