Қазақстан мен Франция арасындағы сауда қатынасы жақсарып келеді. Былтыр қос ел арасындағы алыс-берісі көлемі 31 пайызға артып, 5,5 млрд ақш долларына жеткен. Бұл туралы Астанада өткен инвестициялық ынтымақтастық жиынында айтылды. Француздар Қазақстанға 20 млрд доллардың инвестициясын құйыпты. Биыл бұл көрсеткіш еселене түспек. Бүгінгі басқосуда тараптар жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға келісті. Яғни энергетика, көлік, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және тағы басқа салалар бойынша 16 келісімге қол қойды. 300-ге жуық делегат қатысқан жиында француз спикерлері қазақстандық нарыққа жоғары қызығушылық барын атап өтті.