Түркістан
EN

20 мыңнан астам киіктің неден жаппай қырылғаны анықталды

45
27.05.2025

20 мыңнан астам киіктің неден қырылғаны белгілі болды. Естеріңізге салсақ, биыл көктемде түз жануарлары белгісіз себептермен жаппай қырылған еді. Зоология саласының ғалымдары зерттей келе киіктердің аштықтан өлгенін анықтады. Бұл туралы Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі Алескей Грачев мәлімдеді. Сондай – ақ, маман  дұрыс қоректенбеген киіктер түрлі инфекциялық аурулардан қорғана алмайтынын жеткізді. Мұның салдарынан алдағы уақытта далада қауіпті дерттің таралуы мүмкін деп топшылады.