Түркістан облысында барымташылар ұсталды. 4 күдікті 3 аудандағы жылқыларды жайылымнан ұрлап, сойып етін сатқан. Қазір олардың Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының аумағында мал ұрлығының 10 фактісіне қатысы бары белгілі болды. Шығын 19 миллион теңгеге жуық. Тінту барысында ұрланған 9 жылқы, жүк көлігі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталғаны анықталып отыр.