Астана, Көкшетау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздері жаңғыртылмақ. Оған қазынадан 25 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Ал, жоспары құрылып, жөндеу жұмыстары басталуы керек болған Семей жылу орталығында құрылыс әлі де басталмаған. Ал, Маңғыстау облысында жылу орталығындағы турбинаны жөндеуді жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясына берілгені анықталған. Сондай-ақ Қостанай облысында Рудный жылу электр орталығындағы турбинаны жөндеу әлі басталмапты.