1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жергілікті халық қалаулысы Бекарыс Шойбеков түркістандық балалармен кездесті. Ашық аспан астында өткен жүздесуде мектеп оқушылары айтыскер ақынмен бірнеше сағат бойы тілдесті. Олар бала Бекарыстың арманы, өмірдегі қуанышты кезеңдер мен сәтсіз күндерде шешім қабылдау жайында сауалдарын қойды. Айтыскер ақын сұрақтарға бүкпесіз, шынайы жауап беріп, балалар үшін әсерлі кездесу өткізді. Емен-жарқын әңгімеден соң жас өнерпаздар күй тартып, ән салды.