Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров халықаралық деңгейдегі белгілі режиссер Сергей Дворцевойды қабылдады. Өңір басшысы өнер иесін Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, шығармашылық жоспарлары мен ұсыныстарын тыңдады. Кинорежиссер соңғы жылдары жүзеге асырып жатқан ірі жобасы — Тайқазан туралы фильмнің дайындығы жайлы кеңінен баяндады. Тарихи әрі мәдени маңызы зор туындыны түсіруге қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысын білдірді. Түсірілім жұмыстарының негізгі бөлігі Түркістан мен Қарнақ елді мекендерінде өтпек.