Түркістан
EN

Арал қаласы маңында санитарлық ұшақ құлады

105
24.02.2022

Қызылорда облысына қарасты аймаққа ұшақ құлады. Ол санитарлық авиация Ан-2 ұшағы Арал қаласынан 10 шақырым жердегі «Алтын құдық» тауық фермасы маңында құлаған. Абырой болғанда, әуе көлігіне  жедел жәрдем станциясының фельдшері дер кезінде жеткен. Содан кейін ұшақ отқа оранған. Санавиация ұшағы Арал қаласынан қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын 16 жастағы жасөспірімді облыс орталығына жеткізуі керек болған.