Түркістан
EN

Инвесторлармен келіссөз жүргізді

32
27.05.2025

Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Аспан асты елінен келген делегациямен келіссөз жүргізген облыс әкімі Нұралхан Көшеров осылай деді. Шетелдік топ өңірдегі өндірістік және индустриалық аймақтарын аралап көрді. Іскерлік кездесу барысында тараптар Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ қытайлық делегация Түркістанда құрылысы жүріп жатқан мақта зауытында болды. Одан кейін Сауран ауданы, Ораңғай ауылындағы арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Инвесторларға «Turan» арнайы экономикалық аймағының, өңірдегі инвестициялық алаңдардың қолдаулары туралы мағлұмат берілді.